"Ақмола облысы білім басқармасының целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Отаутүскен ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Отаутускен отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Целиноград ауданы Отаутүскен ауылы бастауыш білім беретін мектебі»КММ-нің 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы есебі

«Ақмола облысы Целиноград ауданы Отаутүскен  ауылы бастауыш  білім беретін мектебі»КММ-нің 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережесі
  1. Көрсетілетін қызмет берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Целиноград ауданы Отаутүскен  ауылы бастауыш білім беретін мектебі»КММ

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Отаутүскен ауылы Шәмші Қалдаяқов 9/1

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Отаутүскен ауылы бастауыш білім беретін мектебінде 3 мемлекеттік қызмет бойынша  қызмет көрсетілді:

1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 17)

-соның ішінде электронды түрде -  14 қызмет;.

-қағаз түрінде - 3 қызмет.

2. Бастауыш білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 6;

 -соның ішінде электронды түрде -  1  қызмет;

-қағаз түрінде – 5 қызмет.

 

3. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға құжаттарды қабылдау -4

 -соның ішінде электронды түрде – 0 қызмет;

 -қағаз түрінде – 4.

 

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет – 15 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 7 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 3) Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға құжаттарды қабылдау - (2022 жылы -4)

«Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – (2022 жылы – 17)

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Целиноград ауданы  Отаутүскен ауылының  бастауыш білім беретін мектептің ресми интернет-ресурсында   «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жәненормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, сұхбаттар және т.б.).

2022 жылға Отаутуске ауылы бастауыш білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қол жетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер:

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері:

Қоғамдық  мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:

2023 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

Мектеп меңгерушісі:                          Кенжебекова З. С.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.02.2023 12:38
Құрылған күні: 27.02.2023 12:38

Текст