"Ақмола облысы білім басқармасының целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Отаутүскен ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Отаутускен отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар кұні!

06.10.2021

Күні:01.10.2021

Өткізілетін сынып: 0-4 сынып

Мақсаты: Жасы үлкенді сыйлауға, халқымыздың дәстүрін қадірлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

1 жүрг:Құрметті жиналған қауым! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, бүгін, қарттар мен ұстаздар мерекесі аталып өтілуде. Неткен шіркін уақыт десеңші, қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері мен ұстаздардың ұлағатты еңбек жолы қазіргі кезде қоғамымызда ерекше орын алуда.

Кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның орындаудан бастаймыз.

 

2жүрг: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата - анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш - жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.

Бүгін біз қарттар күні мен ұстаздар күндеріне орай, қатардан тыс қалмай, мектебімізде шағын мерекелі кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған  ұстаздарымызбен, ата-әже болып жүрген адамдарымыздың  мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің меңгерушісі Кенжебекова Зульфия Сағатқызына береміз.

 

------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

1жүрг: Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты, - деп,  келесі кезекті 4 сынып оқушыларына  ата әжелерімізге арналған жыр шумақтарына береміз.

 

2жүрг:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй! – деп, 4 сынып оқушыларының «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ата-әже

1жүрг:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар сөз данасын» - деп Абай атамыз айтқандай, ендігі нөмірдің кезегін 3 - сынып оқушыларымыздың қарттар күніне дайындап келген жыр шумақтарына береміз.

2жүрг: Келесі кезекті 3 сынып оқушыларының «Қайда әже»? атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Қайда әже?

1жүрг:

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар! дей келе 2 сынып оқушыларының «Ата әже» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ата- әже

2-жүрг: : Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімімен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! дей келе келесі кезекті даярлық тобының жыр шумақтарына береміз.

 

 

 

1)Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жаңа берем (Айзере)

 

2.Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.(Балсезім)

3.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы(Төре)

4.Ұстазым - менің ақылшым,

Әр сөзің дана асылсың.

Білімге құштар жастарға,

Шын жанашыр жақынсың.(Нариман)

5.Аяулы менің ұстазым,

Талабымды әркез ұштадың

Адалдықты үйретіп,

Адамдық жолды нұсқадың.(Ерасыл)

1-жүрг: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,

оның бірі – Ұстаз- дей келе 1-сынып оқушыларының «Ардақты ұстазым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ардақты ұстазым.

2-жүрг:

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырлары сан тарапқа тараған-дей келе 2 сынып оқушыларының ұстаздарға арналған жыр шумақтарына береміз.

1жүрг: Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ұстаз-Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!

даярлық тобының «Ұстаз-ана» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ұстаз ана

2-жүрг: Ұстазға қарап шәкірт өседі

Ұстаз мәртебесі- ел мерейің

Ұстаздан шәкірт озар

Ұстаз – ұрпақ мақтанышы

-дей келе 1 сынып оқушыларының жыр шумақтарына береміз.

1-жүрг: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі кезекті 3- сынып оқушыларының «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Ұстазым менің.

2жүрг:Жылылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман

30 жыл еңбек сіңірген Алтыншаш Қуанышқызына 4 сынып оқуышыларының жыр шумақтарына береміз.

1жүрг: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін- дей келе 3 сынып оқушыларының жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

 

2жүрг: Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!- дей келе 4 сынып оқушыларының  Ұстазым әнін қабыл алыңыздар.

Ән: ұстазым.

1-жүрг:

Бишілерім баладан,

Сүйріктей туған анадан

Қамқорлық керек сіздерден,

Сәті түсер саладан.

Бала өнері халықтың,

Бар кәдеге жараған,  - ендігі ретті оқушыларымыздың биін қабыл алыңыздар.

2-жүрг:

Аса құрметті ұстаздар, ардагер мұғалімдер, ардақты қариялар, Сіздер  сый-құрметке лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі болып табылады. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты азаматтарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілей келе, бүгінгі шағын мерекелік кешімізді тәмамдаймыз. Сау болыңыздар!

Просмотров: 897


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст